Айдың басында АҚШ-та мектеп командалары арасындағы әлем чемпионаты өтті. Алматылық
РФММ командасы күміс жүлдеге ие болды. Ал астаналық РФММ-2 құрамасы төртінші орынға тұрақтады – жүлдеге бір қадам жетпей қалды. Басқа өңірлерден барған балалар да барын салды. Бұл жолы биікке көтеріле алмаса да, тәжірибе жинап, шыңдала түсті.
Бұл жарыстың біз үшін маңызы бөлек. Себебі Қазақстан тек қатысушы емес, бұл шараны ұйымдастыруға да үлес қосты. Жалпы Халықаралық мектеп шахмат федерациясын құру идеясы былтыр ғана туған еді.
FIDE қолдап, бастама өріс алды. Біз мектеп шахматын – елдің интеллектуалды болашағы деп білеміз. Оның үстіне бұл – елдер арасындағы достықты күшейтетін мықты құрал. Турнирге 55 елден команда қатысуының өзі соның дәлелі болса керек.