Сербиядағы турнирдің маңызы ерекше болды. Оның екі себебі бар.
Біріншіден, бұл – жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты. Шахмат төңірегінде жүрген адамдар мұны жақсы түсінеді, бірақ бәріне түсінікті болу үшін айта кетейін, дәл осы балалар ертең ұлттық құраманың негізгі күшіне айналады. Болашақта үлкен турнирлерде ел намысын қорғайтын да осы буын болмақ.
Екіншіден, Қазақстанның нәтижесі жылдан-жылға өсіп келеді. Биыл біздің спортшылар 21 медаль жеңіп алды. Бұл керемет нәтиже. Салыстырып қарасақ, 2025 жылы Қазақстанда 14 медаль болған, ал 2023 жылы небәрі 7 медаль алған едік.
Бұл елімізде балалар шахматы жүйелі түрде дамып келе жатқанын көрсетеді деп ойлаймын.
Биыл рапидтен Аслан Ендібаев, Аделина Нұрханқызы, Рамазан Төлеген, Елназ Қалиахмет және Алдияр Ансат чемпион атанды. Ал блицтен Венера Жакишева, Алиша Бисалиева, Алдияр Жарас пен Зарина Нұрғалиева алтын алды.
Қазақстан құрамасы 40 елдің ішінде командалық есепте бірінші орын иеленді. Қазір бізде тоғыз әлем чемпионы бар. Жыл соңына дейін Қазақстан жаңа медаль рекордын жаңартуы әбден мүмкін.